Мадридтік «Реалдың» ойыншысы Иско соқырішекті алдыртқан соң үйіне оралды.

Сейсенбі күні Иско өзін нашар сезініп ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер соқыр ішек диагнозын қойды. Сәтті өткен операциядан кейін футболшы емханадан шыққан.