«Барыстың» шабуылшысы ҚХЛ-ның бомбардирлер тізімінде алға шықты.

Елордалық «Барыстың» хоккейшісі Брэндон Боченски «Амурмен» өткен кездесуде қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, осы маусымда соққан шайбалар санын 23-ке жеткізді. Осылайша, ол сұрмергендер тізімінде «Металлургтың» шабуылшысы Данис Зариповты артқа тастады

31 жастағы американдық хоккейші Құрлықтық хоккей лигасында төрт маусым бойы 20 шайбадан кем соқпай келеді. Естеріңізге сала кетсек, 2011/2012 жылғы маусымда Боченски 27 гол соғып, лиганың басты сұрмергені атанған болатын.