Еркін күрестен әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Бесик Кудухов жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды «Р-Спорт».

Басылымның мәлімдеуінше, спортшы жеке көлігімен Владикавказа-Краснодар бағытындағы федералдық трассада жүк көлікпен соқтығысып көз жұмған. Палуан небәрі 27 жаста еді.