Индонезияда «Гресик Юнайтед» пен «Персива Вамена» арасындағы матчта футболшылар төрешінің шешімімен келіспей, оны соққыға жықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Ойынның 90-шы минутында төреші «Вамена» қақпасына пенальти белгілеген. Алайда төрешінің шешімімен келіспеген футболшылар оны қуып жүріп, соққыға жыққан.

Бұл оқиғадан кейін екі футболшы алаңнан қуылып, 11 метрден айып добы орындалды.

Ал есеп 2:1 нәтижесімен «Гресик Юнайтед»-тің пайдасына шешілді.