Белгілі ресейлік футболшы, мәскеулік «Спартак» сапында 6 мәрте Ресей чемпионы атанған Илья Цымбаларь 44 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды.

Айта кетер жайт, Илья Цымбаларь кезінде  «Спартак», «Локомотив», «Анжи» командаларында жасындай жарқылдаған. Ресей құрамасы сапында 28 ойын өткізіп, 4 голдың авторы атанды.