«Атырау» сапына жаңадан қосылған Майкл Одибе жаңа клубы туралы ойымен бөлісті.

«Маған киевтік «Арсеналдан» кету керек болды. Себебі ол жақта менің көңлім толмай жүрген.

Қазақстандық клубқа ауысқанда қуандым, себебі бәрі артта қалды. Жаңа командама пайда әкеліп ары қарай шарықтағым келеді.

Мұндағы алғашқы матчты асыға күтудемін. Жігерім тасып тұр», — деді Одибе.