Мәскеудің «Динамо» командасы Қазақстан құрамасы шабуылшысы Дастин Бойдпен өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Дастин Бойд 2017/2018 маусымында 53 ойын ойнап, 19 (8 + 11) ұпай жинады. Осы маусымда форвард ешқандай ұпай жинай алмады.

«Динамо» хоккей клубына дейін Дастин «Барыста» алты маусым өнер көрсеткен болатын. Астаналық клуб сапында форвард 332 матч өткізіп, 237 (111+126) ұпай жинады.