Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты 2018 жылғы маусымдағы Премьер лиганың жиырма жетінші турындағы үздіктер құрамасын жариялады, деп жазады prosports.kz.

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Никита Калмыков, «Ертіс»

Сол жақ қорғаушы: Бактиер Зайнутдинов, «Астана»

Орталық қорғаушылар: Хрвое Милишевич, «Ақтөбе»; Сергей Политевич, «Қайрат»

Оң қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»

Орталық жартылай қорғаушылар: Ричард Алмейда, «Астана»; Асхат Тағыберген, «Қайсар»

Сол жақ жартылай қорғаушы: Берік Шайхов, «Ақжайық»

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Маркос Пиззелли, «Ақтөбе»

Оң жақ жартылай қорғаушы: Алексей Щеткин, «Астана»

Шабуылшы: Братислав Пуношевац, «Қайсар»