Ресейлік бизнесмен Роман Абрамович өзіне тиесілі «Челси» футбол клубын сатыуы мүмкін.

Bloomberg-тің ақпаратынша, миллиардер команданы 3 миллиард фунтқа сатуға дайын. Мұның алдында Абрамович Ұлыбританияның ең бай адамы Джим Рэтклифф ұсынған 2,3 миллиард фунттан бас тартқан.

Бизнесмен клубты 2003 жылы 140 миллион фунтқа сатып алған еді.