Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепте үлкен футбол алаңы пайда болды.
Спорт алаңының тұсаукесеріне аймақ басшысы Болат Бақауов қатысқан. Аймақ басшысы оқушылар мен ұстаздарды мектеп өміріндегі маңызды іс-шарамен құттықтап, спорт алаңының бос тұрмайтынына сенім білдірді.