Мысыр ұлттық құрамасы мен «Ливерпульдің» шабуылшысы Мұхаммед Салах Пушкаш сыйлығына ие болды.

Бұл марапат асқан шеберлікпен гол соққан футболшыға беріледі. Мұхаммед Салах Пушкаш сыйлығын «Эвертон» қақпасына соққан голы үшін иеленді. Ол қарсылас команданың қорғаушыларын қапы қалдырып, ерекше гол соққан.