2013 жылдың соңғы кездесуінде «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Амур» командасын ірі есеппен жеңді.

Кездесу «Барыстың» толық басымдылығымен өрбіді. Бірнеше сәтті мүмкіндіктерін жібергенімен, елордалық клуб қарсыластарының қақпасына сегіз шайба соқты. Найджер Доус хет-триктің авторы атанса, Брэндон Боченски дубль жасады. Бір-бір голдан Уппер, Блохин және Ландин соқты.Осылайша, «Барыс» керемет жеңіспен 2013 жылды қорытындылады.

«Барыс» (Астана) – «Амур» (Хабаровск) 8:2 (2:1, 4:0, 2:1)

1:0 – Боченски (Ландин) – 11:07

2:0 – Доус (Баркер, Боченски) – 15:36

2:1 – Степанов (Логинов, Шишканов) – 19:59

3:1 – Уппер (Жайлауов) – 21:33

4:1 – Доус – 23:58

5:1 – Боченски (Бойд) – 33:09

6:1 – Блохин (Руденко, Уппер) – 35:12

7:1 – Ландин (Боченски) – 40:44

8:1 – Доус (Баркер) – 46:53

8:2 – Лугин (Дубинин, Билалов) – 56:40

Қақпашылар: Ахонен – Мурыгин (Ярвинен, 23:58 – 60:00)