Қазақстандық «KazSport» телеарнасы Братислава қаласында өтетін Құрлықтық Хоккей Лигасының жұлдыздар матчын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, аталған ойын алдағы жылдың 11 қаңтарында өтеді. Бұл кездесуге «Барыстың» екі хоккейшісі шабуылшылар Брэндон Боченски мен Талғат Жайлауов қатысады. Екеуіде «Шығыс» командасында ойнайды.

Бұдан басқа «Шығыс» командасының намысын: Евгений Медведев («Ақ Барс»), Андрей Зубарев («Салават Юлаев»), Денис Куляш («Авангард»), Александр Попов («Авангард»), Егор Миловзоров («Нефтехимик»), Якуб Петружалек («Амур»), Микко Коскинен («Сибирь»), Константин Барулин («Ақ Барс»), Кирилл Кольцов («Салават Юлаев»), Шон Хешка («Ақ Барс»), Крис Ли («Металлург» Магнитогорск), Юусо Хиетанен («Торпедо»), Сергей Мозякин, Данис Зарипов (екеуіде – «Металлург» Магнитогорск), Федор Малыхин («Автомобилист»), Энвер Лисин («Адмирал») және Йори Лехтеря («Сибирь») қорғайды.«Батыс» командасының құрамасы мынадай: Богдан Киселевич («Северсталь»), Илья Горохов («Локомотив»), Денис Денисов (ЦСКА), Милан Бартович, Мирослав Шатан (екеуіде – «Слован»), Марцел Хосса («Динамо» Рига), Максим Афиногенов («Витязь»), Александр Еременко («Динамо» Москва), Иван Лисутин («Витязь»), Сандис Озолиньш («Динамо» Рига), Дерон Куинт («Спартак»), Кертис Фостер («Медвешчак»), Максим Чудинов (СКА), Александр Радулов, Николай Прохоркин (екеуіде - ЦСКА), Илья Ковальчук, Виктор Тихонов (екеуіде - СКА), Джонатан Чичу («Медвешчак») және Леонид Комаров («Динамо» Москва).