Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Көш басында испаниялық Рафаэль Надаль тұр. Ал швейцариялық Роджер Федерер екінші сатыны ешкімге берер емес. Үздік үшінші орынға серб Новак Джокович жайғасты.

ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші Кукушкин ғана. Отандасымыз 87-ші орынға табан тіреді.