Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы «Динамо» - «Астана» арасындағы кездесуде алаңға шыққан ойыншылардың Instat Index нәтижелерін жариялады.

Осы мәліметтер бойынша Марин Аничич Еуропа Лигасы топтық кезеңінің алғашқы турының үздік ойыншысы атанды. Елорда командасының қорғаушысы аталмыш кездесуде қорғаныста ғана сәтті ойнап қоймай, шабуылға араласып, гол соққан еді.

Екінші орында «Астана» жартылай қорғаушысы Педро Энрике. Бразилиялық ойыншы бұл кездесуде шабуыл шебінде қарсылас ойыншыларын бірнеше рет қапыда қалдырып, командалас әріптесі Роман Муртазаевқа нәтижелі пас берді.

Үздік үштікті Евгений Постников қорытындылады. Елорда командасының орталық қорғаушысы бұл ойында 91% тура пас берген.