Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Екатеринбургте «СКА-Свердловск» командасымен айдынға шықты.

Өкінішке қарай, бұл кездесуде оралдықтар 3:9 есебімен жеңіліп қалды. «Ақжайықтан» үш голды да команда сұрмергені Ескендір Нұғманов соқты. Сонымен қатар ойын барысында Александр Шавалдин мен Е.Нұғманов 12 метрлік айып добын қарсыластар қақпасына соға алмады.