Талдықорғанда Қазақстан Премьер-Лигасының 27-ші туры аясында «Жетісу» мен «Қайрат» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өткен турда өз алаңында сүрінген алматылық клуб қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты. Матч тағдырын соңғы минутта соғылған гол шешіп кетті.

«Жетісу» - «Қайрат» 1:0 (0:0)

Гол: 89’ Куклис пенальтиден

«Жетісу»: Бекбаев, Касрадзе, Мавутор, Малакян, Куклис, Степанюк, Лебедев, Керимжанов, Харабара, Ибраев, Хромцов.

«Қайрат»: Покатилов, Элек, Хуан Фелипе, Аршавин, Эппель, Политевич, Ахметов, Вороговский, Исламхан, Қуат, Әліп.