Кей мағынада «Алматы туры» веложарысының соңғы төрт маусымы «Астана» командасының көшбасшысы Алексей Луценконың есімімен қатар жүр. Бұл, әрине, таңқалдыратын дүние емес. Себебі шабандоз қатаң бәсекелестік жағдайында суырылып шығып, қатарынан төрт мәрте чемпион атанды. Алексей «Алматы турының» ресми сайтына берген сұхбатында маусымға алдына ала қорытынды жасап, Оңтүстік астанамызда өткелі отырған жарыс несімен қызықтыратыны және жарыстың даңқын оданда бетер жоғары деңгейге шығару үшін ұйымдастырушылар не істеуі керектігімен бөлісті.

– Алексей, бірінші дәстүрлі сұрағымыз – маусым аяқталмады, бірақ аяқталуға таяу. Оны өзіңізге қалай баға бересіз?

– Биыл спорттық оқиғаға қанық жыл болды: Олимпиада ойындары, футболдан әлем чемпионаты. Бұл жөнінде жанкүйерлерге қызыға қарайсың. Осындай айтулы шаралардың арқасында уақыт жылдам өте шыққан сияқты. Ал мен үшін жыл әлі аяқтала қойған жоқ. Қазір мен Италияда әлем чемпионатына дайындалу үстіндемін. Бұл жыл мен үшін сәтті басталды. Омандағы бірінші жарысымда-ақ жеңдім. Одан кейін Қазақстан чемпионаты, «Австрия туры» және бұл жерде айта кету керек, негізгі мақсатым Азия болатын. Діттегеніме қол жеткіздім. Индонезияда екі алтын медаль алдық. Алдыда әлі әлем чемпионаты, әрдайым үлкен жауапкершілікпен қарайтын Алматы туры бар. Сосын ақырғы жарыс. Қазір «Астананың» басшылығымен «Түрік туры» мен «Қытай турын» шешім жатырмыз.

– Айта кету керек, қазақстандық жанкүйерлердің көңілі көбіне клубтықтан гөрі ұлттық құрам сапында өнер көрсететін велошабандоздарға ауады. Назардың басым бөлігі Индонезиядағы Азия ойынында болды. Ал «Вуэльта» ол жағынан қалыс қалып қойды. Бірақ деседе ол кәсіби тұрғысында айбыройлы саналатын Гранд-тур. Сізге биыл таңдау жасауға тура келгенін білем. Испандық көп күндік жарыстан гөрі Азияға барғаныңызға кішкене өкінішіңіз жоқ па?

– Шын айтам, ол туралы сұрақ тумады. Жыл бастала салып алдымызда Азия ойынында өнер көрсету керек деген тапсырма тұрды. Сөйтіп біз жаймен менің физикалық қалыпымды ретке келтірдік. Иә, арасы бірер күн болғандықтан «Вуэльтаға» қатыса алмағаным өкінішті-ақ. Дегенмен мен Азия ойынының мәртебесі «Вуэльтаға» қарағанда төмен деп айтпас едім. Ол Олимпиада ойындары сияқты төрт жылда бір болатын маңызды жарыс. Бұл әрбір спортшы үшін маңызды бастама. «Астана» сапынан «Вуэльтада» өте мықты екі қазақстандық шабандоз шықты. Жалпы, иә, Гранд-турды екі күндік айырмашылыққа бола жібергенім өкінішті-ақ. Бірақ оған қарамастан Азиядағы нәтиже соған тұралық болды. Алдыда 100 пайыздық күшті талап ететін үш маңызды жарыс бар.

– Енді екі алтын медаль туралы толығырақ. Жанкүйерлердің талабы жоғары болғандықтан сізден әлбетте кемінде бір алтын медаль күтті. Бұдан ешқалай құтыла алмайсың. Төрт жыл бұрын болған оқиға ел есінде. Мойныңа қосымша үлкен жауапкершіліктің барын түсіне отырып өнер көрсету қаншалықты ауыр? Азияда Қазақстан әдеттегіден нашар нәтиже көрсетті. Жанкүйерлердің мұндай үміттері саған қысым немесе қосымша шабыт болды ма?

– Менің жауапкершілігім тек жанкүйерлердің алдында болған жоқ. Мен Қазақстан велоспорт федерациясының, жеңісіме барлық жағдайды жасап берген «Астана» командасының және, әрине, қазақстандықтардың сенімін қатты ақтағым келгендіктен қобалжыдым. Мұнда маған тәжірибем көмектесті. Кәсіби спорттағы алты жылым тек жарысқа зең салып, екі стартты да салқын қанды орындап шығуға көмектесті. Медаль туралы ойлаудың қажеті жоқ. Иә, төрт жыл бұрын жекелей сында бірінші келдім және мұндада бірінші болуға талаптандым. Бірақ менің ең басты назарым дұрыс дайындық пен сауатты тактикалық ұрыста болды. Ал топтық сын кей мағынада лотерия сияқты. Онда Қазақстан құрамынан төрт спортшы шықты. Жігіттер керемет жұмыс істеді. Біз төрт сағат бойы жарысты бақылауда ұстадық. Маған өз тарапымнан таулы 15 шақырымды өтіп шығу маңызды болды. Мәре сызығына Жапония, Тайланд спортшыларымен бірге бесеу болып жарыстық. Оларды сан соқтырып кетуге мүмкін болды. Командаға көп рақмет. Мен үшін жанкүйерлік еткен елімнің үмітін ақтағаныма өте қуаныштымын.

– Сізден сұхбат алар алдында, біз «Алматы туры» ресми сайты үшін сіздің зайыбыңыз Еленамен сөйлескен болатынбыз. Біз оған да сіздің үлкен жеңістер арасында өзіңізді қалай қалпыңызға келтіретініңіз туралы сұрақтар қойған едік. Жеңісіңізді атап үлгеріп жатсыз ба, әлде ойыңыздың барлығы келесі жарыста ма? Менімше, сіз екі алтын медальға қатты қуана қоймаған сияқтысыз. «Вуэльтаға» бармағаныңызға көңіліңіз түскен сияқты. Солай ма?

– Шындыққа еш жанаспайды. Сіз жай ғана алты сағаттық жаттығу үстінде түстіңіз. Сол себептен менің даусым кішкене шаршаңқы шығып тұрған болуы тиіс. Жоқ, әрине, екі алтын медаль – керемет көрсеткіш! Бірақ маған бұл жетістіктерді кейінге қалдырып, алға қарай жылжу керек болып тұр. Тіпті туған күнімді де тойлай алмадым. Екі күн бұрын жиынға кету керек болды.

Дегенмен Азиядан кейін демалып үлгердім. Мені Бурабайдағы қайырылымдық веложүгірісіне шақырды. Бақытыма орай онда бірінші рет болғандықтан, көп нәрсені өз көзіммен көруге мүмкіндік туды. Кішкене сергіп алдым.

Ал «Вуэльта» жөнінде айтар болсам… Иә, егер үлгерген болсам, қуана- қуана барар едім. Бірақ, әрине, физикалық тұрғыда күшім болса. Шаршағандар ол жақта ешнәрсе жоғалтқан жоқ. Жалпы маусым өз ретімен келеді. «Алматы турында» қатарынан бесінші мәрте жеңімпаз атануға таласып көргім келеді.

– Бұл сұрақты жарыстың төрт дүркін чемпионына қоймасқа болмас. Кәсіби тұрғысында сізге «Алматы туры» несімен бағалы? Сіз неге мұнда ұмтыласыз? Жарыстың қиындығы неде? Азияның басты кәсіби жарысы атағын алу үшін не жетпейді деп ойлайсыз?

– «Алматы туры» – алтыншы рет ұйымдастырылып жатқан Қазақстандағы алғашқы кәсіби веложарыс. Үйдегі жарыстарға мен ерекше сезіммен қараймын. Біріншіден, мен команда директорлары жарысты менің күнтізбеме кіргізгеніне қуаныштымын. Мұнда менде әрқашан үлкен мақсаттар бар.

Жарыс таулы-қыратымен, әсем Алматыда өтіп жатқандығымен күшті. Егер бұл жолы ауа-райы әбден қолайлы болса, әлем оның көрікті пейзаждарымен сүйсінеді. Мен көптеген шетелдік шабандоздармен араласып тұрамын. Бес жыл ішінде келгендердің барлығы «Алматы туры» қай жағынан алып қарама ұнайтынын айтады. Қиындығы, ұйымдастыру жағы, жанкүйерлер жағы болсын…

Қиындығы жағынан оңай емес. Әсіресе, мәре сызығындағы Медеуге дейінгі екінші кезең. Онда шынымен барыңды салуың керек.

Не жетпейді дейсіз бе? Жұлдызды құрамды шақыру керек. Биыл әлем чемпионатына дайындық жүріп жатқандықтан көптеген топ спортшылар «Алматы турын» жіберетін шығар. Бір жағынан мен енді ғана күш алып келе жатқан жарыстың бірден маусым рейтингісінің күнтізбесінен ойып тұрып орын алу оңай шаруа емес екендігін білем. Алайда ол үшін барлық тиісті жұмыстар жасалып жатыр деген естуім бар. Жалпы, қазақстандық ретінде мен Алматы туры жарысының мәртебесінің жоғары деңгейде болуы үшін мүмкіндігінше айтулы кәсіби командалардың келгендерін қалаймын. Жарысты екі күндік емес, көп күндік жеті күн етіп жасаса мықты болар ма еді.

– Енді сұрақ мансап жайлы. Жуырда сіздің «Астанамен» 2020 жылға дейін келісімшартыңызды созғаныңыз жайлы жаңалық тарады. Алайда басқа да топ клубтардан бірнеше ұсыныстың түскені жасырын емес. Неге мұндай шешім қабылдадыңыз? Бұл Токиа алдындағы кәсіби тұрғысындағы тұрақтылық па?

– Әрбір шабандоздың нарықты бақылайтын жеке менеджері бар. Маған төрт немесе бес ұсыныс келіп түсті. Бірақ «Астана» келісімшартты созуға ниет білдірді. Сол себептен қол қояр алдында ұзақ ойланбадым. Мұнда болғаныма бес жылдың жүзі болды. Керемет команда, кәсіби менеджмент. Ешқандай оқылықсыз жұмыс істейді. Ойымды негізге алып, маған қарай күнтізбе құрады. Олар мен өнер көрсеткім келетін қазақстантық команда. Токио Олимиадасына дайындалуға маған мүмкіндік береді деген сенімдімін. Бәрі өз орнымен болғандықтан, мен «Астанада» қалдым.

– Олимпиада жөнінде сұрақ. Келесі маусымда ойыңызда алып жүресіз бе? Күш сақтау үшін күнтізбеде қандайда бір өзгертулер бола ма? Немесе сізге олимпиадаға дейін, олимпиада уақыты дейтіндей айырмашылық жоқ па?

– Велоспортта олимпиадаға дейін деген термин жоқ. Мұнда Олимпиада тырнақша ішінде жүреді. Бұл мен үшін де, Қазақстан үшін де бөлек старт. Бірақ ол туралы мен бір жылдан кейін ойланамын. Сол кезде күнтізбе жасаймыз. 2019 жыл клуб үшін де, ұлттық құрам үшін де қанық болайын деп тұр. Мен өзімді статист ретінде көрсеткім келмейді. Мен әрқашан толығымен берілем. Тіпті егер басты сынымтамаларда жоғары орындарынан көріну мақсат болмасада. Басшылық алдында қандай тапсырма болмасын мен оны бұлжытпай толығымен орындаймын.

– Соңғы сұрағымыз. Былтыр сіз Ұлттық Олимпиада Комитетінің марапатын жеңіп алдыңыз. Жанкүйерлер сізді жаздық спорт түрінен маусымның ең үздік спортшысы деп таныды. Сізге қай жылдың маусымы үздігірек шықты? Осы марапатқа тағы таласқа түсуге мақсатыңыз бар ма?

– Елімізде қаншама мықты, танымал спортшылардың барына қарамастан өткен жылы ҰОК-тің мені марапаттағанына көп рақмет айтамын. Сонымен қатар, мен үшін қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс шексіз. Ол бұдан да мықтырақ өнер көрсетуге үлкен мотивация болып табылады. Мен өткен жылдың авансын биыл ақтауға тырыстым.

Спорттық тұрғысында өткен жылы бірнеше жақсы жеңістер болды. Оның бірі «Вуэльта» жарысындағы кезеңдерінің бірі. Өте мықты нәтижеге қол жеттік. Бұл жылы да – «Оман туры», «Австрия туры», Қазақстан чемпионаты және Азия ойыны. Алайда жыл әлі аяқталған жоқ. Амбиция әрдайым бар. Бірақ бәрі кімдер ұсынылатынына байланысты болады. Дегенмен, жекелей марапаттар болсын немесе оларынсыз мен үнемі Қазақстанның қолдауын сезініп, елім үшін күресемін.