Бүгін «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының аясында сырт алаңда «Салават Юлаев» командасына қарсы ойын өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Уфа қаласында өтетін ойын Астана уақытымен 17:30-да басталады. Кездесуді «QazSport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қос команда осы маусымда алғаш рет кездесіп тұр.

Айта кетейік, «Барыс» «Шығыс» конференциясында 9 ұпаймен 7-ші сатыда келе жатыр.