Журналистика жолымен Мәскеуге жол тарттық. Ресейдің астанасында өткізген бір апта уақытта тек футболға барып қайтуға мүмкін болды. Жуырда ғана футболдан Әлем чемпионатын өткізген Ресей елінің жағдайы қызық болды бір жағынан. Бәрі рет-ретімен. Әлем біріншілігін дүркіретіп өткізіп, Ұлттық құрамасының тарихы нәтижесінен соң Ресей футболында ілгерілеу болатыны анық еді. Төрт жылда бір келетін футбол тойы әлі күнге дейін орыс халқының жадында. Мәскеудің кез келген көшесі мен мейрамханасы футбол мерекесінің өткенін есіңе түсіреді. Ал тұрғындары болса ара-кідік сол бір тамаша уақытты естеріне алып тұрады. Қайбір кісімен әңгімелесе кетсең, әлем чемпионатына келдің бе деген заңды сұрақты қояды. Дегенмен біздің мақсат аз ғана уақыт ішінде Ресейдегі футболдың деңгейін бақылап қайту еді. Әрине, 3-4 сағатта толықтай зерттей алмайсың. Дегенмен...