Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2018 жылдың 29 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Жапонияның Касихара қаласында жаттығу жиынын жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Команда құрамында бас бапкер, массажшы, бапкердің көмекшісі, сарапшы-бапкер және негізгі құрамның 13 ойыншысы бар.

Ара қашықтықтың алыстығына қарамастан, ойыншылар Касихала қаласына жақсы көңіл күймен жетті. Ал жапондықтар біздің команданы жоғары деңгейде күтіп алып, алаңсыз дайындалуға бар мүмкіндікті жасауда.

Қазіргі таңда команда Daiva Royal Hotel қонақүйіне орналасты. Қонақүй жаттығу залынан 5 минуттық жерде орналасқан.