Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының Сауль Альвареспен жекпе-жектен соң неге жылдам рингтен кетіп қалғанын айтты.

«Себебі... Рингте «Канело» тойлап жатқан болатын. Геннадий мені шақырып, былай деді: «Ләззат алсын, бұл оның бақытты сәті. Біз сұқбатты кешірек берермін». Айтқысы келген сөздері, проблемалары болды, бірақ ол Канело үшін маңызды сәтті құртқысы келмеді. Ол маған «Бұл сәт өзімен бірге болсын» деді», – деп еске алды Санчес.

Айта кетейік, Альварес 15 қыркүйекте Головкинді төрешілер шешімімен жеңген болатын.