23-29 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық өңірінде УЕФА бұқаралық футбол апталығы (UEFA Grassroots week) басталады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

УЕФА бұқаралық футбол апталығы - жыл сайын ұйымдастырылатын шара. Еуропа футбол қауымдастықтары одағына мүше әрбір ел бұқаралық футбол апталығын өткізуде тәжірибесі бар.

Еліміздің барлық аймағында бір аптаға созылатын бұқаралық шарада футбол шаралары, мектеп оқушылары арасында турнирлер мен әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты – балалар мен жастар арасында футболға деген қызығушылықты арттыру.