«Шальке-04» ФК жартылай қорғаушысы Кевин-Принс Боатенгті Германияның Каарст қаласында белгісіздер ұрып кетті.

Неміс БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 26 жастағы ойыншы анасымен тұрып жатқан ұлын жаңа жылмен құттықтап шыққан. Кейін көшеде белгісіз біреу Боатенгті ұрып-жыққан. Футболшы жарақатпен қалалық емханаға түсті.

Тәртіп сақшылары бұзақыны іздестіруде. Боатенгтің болжамы бойынша әлгі жігіт бұрынғы әйелінің көңіл қосып жүрген адамы болуы мүмкін.