Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) дзюдодан Баку қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатын ерте аяқтады, деп жазады prosports.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда бразилиялық Эрике Такабатикеден ұтылып, жарыста жүлдесіз қалды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты бүгін Әзірбайжан астанасында басталды және 26 қыркүйекке дейін жалғасады.