Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жектен кейін өзінің Инстаграм-парақшасында видео жариялады.

Видеода рингтегі жекпе-жектен үзінді бейнеленген. Кейін Головкиннің жекпе-жектен кейін демалатын бөлмедегі жағдайы көрсетілген. Артынша, қазақстандық боксшы журналистер алдына шығып, «Мен қайта ораламын» деп айтты.

Боксшының әлеуметтік желідегі видеосын 1,5 миллион адам қарап үлгерген.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Головкин Лас-Вегаста Сауль Альвареске төрешілер шешімімен жол берген болатын.