Семейлік «Спартактың» бас бапкері Алмас Кулшинбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Руслан Сахалбаевтің командада жаттығып жүргендігін айтты.

- Алмас, оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?

- Жақсы. Қойған талаптар орындалды.

- Жаңа ойыншылар бар ма?

- Руслан Сахалбаев бізде жаттығып жүр, тағы да басқа жаңа ойыншылар бар. Бірақ, әлі ешкіммен келісімшартқа отырған жоқпыз.

- Қаржылық тұрғыда қалай?

- Бәрі жақсы. Команда басшылығы ойыншылар мен бапкерлер үшін барлық жағдай жасауда.