Кеше «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский петах-тиквалық «Хапоэль» сапында алғашқы голын соққан болатын, деп жазады prosports.kz.

Қазақстандық футболшы Израиль Бірінші лигасының 4-ші турында «Хапоэль» (Рамат-ха-Шарон) командасының қақпасына гол соқты. Рудосельский 40-шы минутта есеп ашқан, алайда ойын 2:2 есебімен аяқталған болатын.

23 жастағы қорғаушы Instagram желісінде соққан голының видеосын жариялады.