Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Челмет» командасын буллит сериясында жеңді.

Алғашқы шайбаны қонақтар соқты. Алайда алаң иелері бірден есепті теңестіріп,артынша есепте алға шықты. «Челмет» оған бір шайбамен жауап берсе, период соңында «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері өз басымдығын ұлғайтты. Үшінші кезеңде таразы басы тағы да теңесті. Дегенмен, Өскемендіктер  есепті 4:3-ге жектізді. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, қарсыластар бір шайба соғып үлгерді. Есеп - 4:4. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллит сериясында Кирил Савицкийдің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс сыйлады.

«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Челмет» (Челябинск) 5:4 Б (1:1, 2:1, 1:2, 0:0, 1:0)

0:1 - Филиппов (Приданников, Воршев) - 13:121:1 - Петров (Беляев, Рымарев). - 15:052:1 - Кошелев (Савицкий, Петров) - 22:552:2 - Исаев (Ерофеев) - 31:283:2 - Петрюк (Волжанкин, Плющев) - 35:223:3 - Цыбин (Панов) - 47:154:3 - Беляев (Шин, Меньшиков) - 58:064:4 - Панов (Кропачев, Панасенко) - 59:445:4 - Савицкий - 65:00, ЖБ

Қақпашылар: Полошков – Худяков