Силезия аймағында өткен XII халықаралық турнирдің финалында 6 отандасымыз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде Жайна Шекербекова (51 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) алтын алқа иегерлері атанды. Әйгерім Қасенаева (48 келі) мен Мадина Нұршаева (64 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Дариға Шакимова (75 келі), Милана Сафронова (64 келі) мен Владислава Кухта (57 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) ақтық кездесуде 5 дүркін Әлем чемпионы Мэри Комнан (Үндістан) ұтылды. Есеп 4:0.

Жайна Шекербекова (51 келі) ақтық сында жергілікті Сандра Драбикті (Польша) 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Карина Ибрагимова (60 келі) финалда ресейлік Анастасия Беляковадан 4:1 есебімен басым түсті.

Мадина Нұршаева (64 келі) өкінішке орай, украиналық Мария Бовадан ұтылды. Есеп 4:1.

Фариза Шолтай (81 келі) Агата Качмарскиден (Польша) айласын асырды.

Соңғы болып рингке көтерілген жерлесіміз Ләззат Күнгейбаева финалда ресейлік Кристина Ткачеваны жеңді. Есеп 4:1.

Осылайша бокстан Қазақстанның қыздар құрама командасы елімізге 9 медальмен оралады.