Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо бүгін өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчына өз бағасын берді.

Естеріңізге салсақ, бұл жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

«GGG – жауынгер. Бұл жекпе-жек біріншісіне қарағанда жақсырақ болды. Мықты мен мықты кездесуі. Он екі раунд бойы екі мықты боксшы бір-біріне шабуыл жасады. Қандай жекпе-жек!», - деп жазды Пакьяо твиттерде.