«Астана» футбол клубы Премьер Лига аясында қызылордалық «Қайсарды» қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті.

Ойын соңында қызылордалық команда бас бапкері Стойчо Младеновтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Тең дәрежедегі ойын өрбіді. «Астанада» гол соғатын мүмкіндіктер көберек болды. Дегенмен, біздің команда сапында да жеңіс голын соғатын сәт болды. Соңғы минутта Зенькович жақсы соққы бағыттағанда, жеңіске жетер едік.

- Команданың осы маусымға қойған мақсаты қандай?

- Біз өткен жылмен салыстырғанда бір саты жоғары көтерілуге тиіспіз. Біз өткен жылы алтыншы орын алсақ, биыл бесінші орын иеленуіміз қажет.