Коломна қаласында шорт-тректен Ресейдің ашық кубогі аяқталды. Бүгін қазақстандықтар аралас эстафетада топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz.

Крестова, Ким, Əжіғалиев, Ғалиахметов жəне Никиша аралас эстафетада бірінші болды. Ғалиахметов жартылай финалда, ал Əжіғалиев финалда бақ сынағанын ескертеміз.

Сондай-ақ, 1000 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев қола жүлдегер атанды.

Абзалдың 500 метрлік сында екінші орын иеленгенін кеше хабарлаған болатынбыз.