Бүгін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қ.Бозымбаев «Ертіс» футбол клубының директоры М.Мұстафин мен бас жаттықтырушысы Т.Байсуфиновті қабылдады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында аймақтағы футбол спортының дамуын талқыланып, алдағы футбол маусымына керукелік команданың дайындық мәселесі сөз болды. Футбол клубының бас жаттықтырушысы Т. Байсуфиновтің алдағы жұмыс жоспары, жарыстарға дайындық және жаттықтырушылар құрамының клуб ойыншыларымен өзара түсіністік мәселелері туралы баяндамасын тыңдаған аймақ басшысы Қ.Бозымбаев Павлодар облысында футболға тиісті көңіл бөлінетіндігіне сендірді.Жылы жүздесу барысында «Ертіс» ФК басшылығы футбол командасының құрамы мен білікті ойыншыларды клубқа тарту жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ осы кездесуде футбол клубын қаржыландыру мәселесі де талқыланды.

Кездесуден кейін М.Мұстафин мен Т.Байсуфинов журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Тілшілер сұрағына жауап берген Т.Байсуфинов : «облыс басшылығының футбол ойына қолдау көрсетуі, біздің клуб ойыншыларының нәтижелі ойынына оң әсерін тигізеді», - деді.