Азия ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова кезекті жеңісінен соң Өскеменге оралды. Спортшы аздаған үзілістен соң Түркияға аттанады. Бұл туралы olympic.kz жазды.

1-21 қазан аралығында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жиынға қатысатын спортшылар арасында Ольга Рыпакова да бар.

Еске сала кетейік, Азия ойындарынан соң Рыпакова IAAF құрлықтық кубогінде бақ сынап, күміске қол жеткізген болатын.

Ольганың маусымдағы үздік көрсеткіші - 14.26 метр.

Рыпакова келесі маусымда өтетін «Гауһар лигасы» мен Катарда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі