Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгта Азия сериясының үшінші орны үшін матч өткізеді.

Топтық кезеңде біздің қыздар Шри-Ланканы 36:0, ал Сингапурды 24:10 есебімен жеңді. Ал Қытай регбишілеріне 14:21 есебімен жол берді.

Жартылай финалға екінші орынмен шыққан Қазақстан Жапониядан ұтылып қалды – 15:21.

Бүгін енді қазақстандық команда қола медаль үшін Қытай құрамасымен кездеседі.