Бүгін Сергей Масленов Қостанай «Тобылдың» жастар командасының аға жаттықтырушысы ретінде таныстырылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Сергей Масленов 2007 жылы 17 жылдық футболшылық мансабын аяқтаған болатын. Содан бері жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп келеді. Ол алдымен балалар және жасөспірімдер мектебінің командаларын дайындады, ал 2010 жылдан бастап негізгі құрамның жаттықтырушылар құрамында қызмет істей бастаған.