Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай бүгін кәсіби бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филадельфия қаласында (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Джастин Джонсонмен жұдырықтасты.

Төрт раундтық жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Тәжібайға берді.

Бұл жеңіс Шыңғысханның кәсіби мансабындағы жетінші жеңісі ретінде тікелді (екеуі мерзімнен бұрын аяқталған).