Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек Астанадағы Арбатта 16 қыркүйек таңертең көрсетіледі, деп хабарлайды prosports.kz сайты Today.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

- Орта салмақта WBC, WBA, IBO чемпионы және бүкіл Қазақстанның мақтанышы Гена GGG мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет кездеседі. Бұл кездесуді Арбаттан көрсетеміз. Кім келгісі келсе жекпе-жекті үлкен экраннан көру үшін таңертең Арбаттың жазғы кинотеатрынан лайықты орын тауып алса болады. Күздің таңы ыстық болатыны анық, – деді Тұрлыбек.