Геннадий Головкин мен Саул Альварес арасында өткен бірінші жекпе-жекте өнер көрсеткен ринг-гёрлздар Кайла Фитц пен Десси Митчесон жарнамалық видеодан кейін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Tmz порталының хабарлауынша, Tecate сыра қайнату компаниясы басшылығы жарнамалық видеоны ұятсыздық деп санап, қыздармен келісім-шартты үзіскен.

«Олар бұл видеолардың сексуалды екендігін алға тартып, бізге ештеңе төлеместен, жұмыстан куды», - дейді Десси TMZ Sports-ке берген сұхбатында.

Дегенмен, ринг-гёрлздар енді өздері қалаған видеоларды түсіре алатынын және осы аптада жанкүйерлерді қуантатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин - «Канело» реваншы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда - 16 қыркүйек күні таңертең) өтеді.