Тим Шервуд «Тоттенхэм» командасымен 2014/2015 жылғы маусымға келісімшарт жасады, деп хабарлайды лондондық клубтың ресми сайты.

«Маусым ортасында бапкерді алмастырамыз деп ойлаған жоқпыз, алайда осындай қадамға баруымызға тура келді.

Командамыз жақсы ойыншылардан жасақталған, оған мықты бапкер керек болды. Тим Шервуд талантты, білікті маман. «Тоттенхэмді» қабылдағанына қуаныштымын. Алдағы уақытта ісіміз алға басады деген сенімдімін», - деді «Тоттенхэм» президенті Даниэль Леви.Естеріңізге сала кетсек, Шервуд жақында ғана жұмыстан босатылған Андре Вилаш-Боаштың орнына келді.