Елордалық «Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы Зак Хэмиллмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Зак Хэмилл орталық шабуылшы, оның бойы - 180 см, салмағы – 82 келі.

Хэмилл «Барыстың» алдында «Ванкувер Кэнакс» командасымен келісімшартта болып, қосалқы командасы «Ютика Кометсте» өнер көрсетті. «Ютика Кометс» сапында 21 матчқа қатысып барлығы 9 ұпай жинады (3+6).