Қазақстанда алғаш рет 2019 жылғы баскетбол Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан құрамасының Жапония құрамасына қарсы ойыны өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. Бірінші раундтың нәтижелері бойынша, Қазақстан құрамасы, D тобында екінші орынды иелеп, бұл ретте 9 ұпай жинап, Азиялық Квалификацияның екінші кезеңіне өтті. Өз топтарында соңғы орындарды иеленген командалар жарыстан шықты, ал бірінші раундтың төрт командалары әр топта алты командадан екі топты құрайды. Осылайша, В және D топтары F тобын құрайды, және де екінші раундта біздің қарсыластарымыз болып Аустралия, Филиппин және Жапония командалары шығады. Бірінші раунд матчтарының нәтижелері екінші раундта ескеріледі, осыған байланысты біздің құрама Иран және Катар құрамаларымен енді ойнамайды. Қазақстан Республикасының құрамасыБаскетбол бойынша Қазақстан ерлер құрамасы – Қазақстанды халықаралық баскетбол алаңында танытқан ұлттық баскетбол командасы. Құраманың халықаралық жарыстарға дайындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық Баскетбол Федерациясының міндеті болып табылады. Команда 1993 жылы құрылды және де ФИБА Азия құрамасына еніп, баскетбол Азия Чемпионатында спорттық шебер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Жапония құрамасыБаскетбол бойынша Жапония ерлер құрамасы – Жапонияны халықаралық баскетбол алаңында танытқан ұлттық баскетбол командасы. Шығыс Азияның ең мықты және атақты құрамаларының бірі. Құраманың халықаралық жарыстарға дайындалуын қамтамасыз ету және басқару Жапондық Баскетбол Қауымдастығымен (JABBA) жүзеге асырылады. Команда 1936 жылы құрылып, ФИБА құрамасына енді. Азиялық квалификацияАзиялық квалификациялық іріктеуде, бірінші раундта әр топта төрт командадан болып төрт топқа бөлінген, 16 команда қатысады. Өз топтарының аясында командалар бір ойын үйде және бірі қонақта болып екі айналым ойнайды. Бірінші раундтың нәтижелері бойынша, өз топтарында соңғы орындарды иеленген командалар, ойыннан шығады. Қалған 12 команда екінші раундқа өтіп, сонда екі топқа бөлінеді. Екінші раундтың нәтижелері бойынша үздік 7 команда, сонымен қатар Қытай, 2019 жылғы баскетбол Әлем Чемпионатына аттанады.

Алматы – Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайы, 13 қыркүйек, 20:00. Қазақстан құрамасы Жапония құрамасы

Айткали РусланTogashi Yuki
Дегтярев ДенисTsuji Naoto
Ягодкин АзимHiejima Makoto
Куанов ШаимShinoyama Ryusei
Пан РобертOta Atsuya
Бажин НиколайTakeuchi Joji
Щербак ВадимBaba Yudai
Мурзагалиев РустамRui Hachimura
Саткеев АймуратTanaka Daiki
Ергали РустамBrown Ira
Майдекин АскарHarimoto Tenketsu
Лапченко ВиталийWatanabe Yuta
Жигулин Александр
Быков Антон
Селезнев Данил
Курочкин Владимир
Гаврилов Дмитрий
Марчук Максим

Бас бапкер: Ренатас Курилионакас Бас бапкер: Lamas JulioБапкер көмекшісі: Исаков Евгений Бапкер көмекшісі: Mandole Herman Бапкер көмекшісі: Sako Kenichi