Ресейлік хоккейші Александр Овечкин Лэндоверде (АҚШ) өткен Бразилия мен Сальвадор арасындағы жолдастық матчты тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі СЭ порталына сілтеме жасап.

«Вашингтон» хоккей клубының капитаны кездесу соңынан Неймарға өзінің спорттық жейдешесін сыйға тартты. Футболшы да танымал хоккейшіге өзінің бутсы мен доп сыйлады.

Салвадорға қарсы жолдастық кездесуде Неймар гол соғып қоймай, үш рет нәтижелі пас шығарып берді.