Бүгін астаналық «Барыс» «Нефтехимикті» (Нижнекамск) қабылдайды.Ойын Астана уақытымен 19:20-да басталады. Тікелей көрсетілімді Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Нижнекамск қаласында өткен матч қонақтардың пайдасына шешілді. Елордалық команда алаң иелерін 1:6 есебімен тас-талқан етіп ұтқан болатын.