Instagram желісі қолданушылары арасында UFC файтері Конор МакГрегорды ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығарда Егор Кридтің әнін қосуды өтінген флешмоб басталды.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Sport24 порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жанкүйерлер МакГрегордың суреттеріне #выйдиподкрида хэштегін қалдырып жатыр.Еске салайық, ирландиялық файтер мен жеңіл салмақтағы UFC чемпионы арасындағы жекпе-жек 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.