«Астананың» бас бапкері болып Пермьдік «Амкардың» бас бапкері Станислав Черчесов немесе мәскеулік «Торпедоның» жаттықтырушысы Александр Бородюк тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды шетелдік БАҚ өкілдері.   

Келісімдер сәтті аяқталған жағдайда, «Астана» ФК басшылығы «Амкар» мен «Торпедо» командасына уақытынан бұрын келісімшартты бұзғаны үшін шарттық айыпақы төлеуге дайын.