Қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Бугаев Молдавия құрамасына шақыртылды, деп хабарлайды Молдавия БАҚ өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Иона Карас жаттықтыратын Молдавия құрамасы Біріккен Араб Әмірлігінде ОЖЖ-ны барысында Норвегия, Польша, Швеция құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.