16 қыркүйек күні жексенбіде қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек басталады.

Бокс кешіндегі кездесулер Лас-Вегастің уақыты бойынша сағат 14:00-де, ал Астана уақытымен түнгі сағат үште, 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні басталады.

PPV-кард сағат 17:00-де басталады деп жоспарлануда (16 қыркүйек, Астана уақытымен таңғы 6-да).

GGG мен Альварес рингте 19-19:30-да, Қазақстан уақыты бойынша 16 қыркүйек күні шамамен 8-8:30-да кездеседі.

Қазақстандықтар жекпе-жекті Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан, Qazaqstan Tv қосымшасынан көре алады.

Боскшылар WBA (Super), IBO, IBF белбеулерінен бөлек, орта салмақтағы желілік чемпион лауазымы мен The Ring журналының белбеуі үшін күш сынасады.