«Қайрат» футзал клубы Еременко кубогының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуінде Ригалық «Раба» командасын жеңді.

Матчтың 6-шы секундында Алешандре «Қайратты» алға шығарды. 5 минуттан кейін Николай Пенгрин есепті ұлғайтты. Дегенмен, «Раба» ойыншысы Дмитрий Кузьмин қарымта шабуылда бір гол қайтарды. Араға үш минут салып Серік Жаманқұлов Фумасаның пасынан есепті - 3:1-ге жеткізді. Артынша, Бетао төртінші голды соқты. Бірінші таймның соңында Николай Пенгрин дубль жасады – 5:1.

Екінші таймда алматылықтар қарсыластарының қақпасына тағы төрт гол соқты. Жоан, Жаманқұлов, Жива мен Амир Балтабаев көзге түсті. Матчтың соңында «Раба» ойыншысы Максим Сеня пенальтиден жалпы есепті қорытындылады - 9:2.

Осылайша, «Қайрат» «В» тобында екінші орын алып, Еременко атындағы кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды. Мұнда алматылықтар – екатеринбургтік «Синара», «Тюмень» және «Газпром-Югра» командыларымен күш сынасады.

Еременко кубогы. Екінші кезең. 3-ші тур.

«Раба» (Рига, Латвия)-«Қайрат» (Алматы) - 2:9 (1:5)

Голдар: Кузьмин 5, Сень 54 – Алешандре 1, Пенгрин 5, 24, Жаманқұлов 8, 41, Бетао 13, Жоан 29, Жива 36, Балтабаев 49